«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Ново-Мариновка ауылының негізгі орта мектебі» КММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп ұсынады
2)Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Ново-Мариновка ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де білім беру саласы бойынша 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Соның ішінде:
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетілді.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Сондай-ақ Ново-Мариновка ауылының негізгі орта мектебі көрсететін мемлекеттік қызметтер:
Қызмет алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен оған қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларға қажетті барлық ақпарат білім бөлімінің ресми интернет-ресурсында http://sc0033.atbasar.aqmoedu.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары берілген. Ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Мектеп тарапынан нормативтік құқықтық актілер әзірленген жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары және т.б.).
2025 жыл ішінде мектеп тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 6 мақала және 2 тікелей эфир жарияланды. Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары және қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы жүргізіліп отырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында шағын орталық пен мектеп мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бағдарламасында жұмыс істейді. Жүйеде білім беру ұйымы көрсететін 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылған.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүйесі жұмыс істейді, онда шамамен 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау жүргізіледі. 2025 жылы мектеп директорының міндетін атқарушы Ақмола облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» филиалында 24–25.11.2025 ж. мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2025 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы және негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген бақылау барысында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңбұзушылықтарға жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
2026 жылы мектеп тарапынан жеке тұлғаларға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылатын болады.